Мәслихаттың кезекті сессиясы: Алматы көшелеріне кімнің есімі беріледі

19.09.2025 20:06

Алматыдағы 156 көшенің аты белгілі болды

Алматыдағы 156 көшеге атау беріледі. Мұны қала мәслихаты кезекті 34-сессиясында мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 22 көшеге  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілсе, 15 көше тарихи тұлғалардың есімімен аталады. Ал қалған 119 көше тарихи танымдық маңызы бар атаулар қойылады. Олардың қатарында Наурызбай және Бостандық ауданындағы 45, Түрксібтегі 41, Алатаудағы  10, Медеудегі 7, ал Әуезов пен Жетісу аудандарында 4 көше бар. Ал есімі берілетін тарихи тұлғалардың тізімінде Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев, Қайым Мұхамедханов, Рабиға Сыздықова мен Әмен Қайдаровтың есімі аталды.

«Көшелерге атау беру тарихи тұлғаларымызға құрмет көрсету ғана емес, алматылықтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететін нақты шара. Өйткені атауы бар көшелерде жедел жәрдем, өрт сөндіру, пошта және жеткізу қызметтерінің қолжетімділігі арта түсуде», – деді қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Сессия отырысында депутаттар Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларының жаңа жобасын қарады. Одан бөлек, шаһар әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы шешімге өзгерістер енгізуге назар аударды. Сондай-ақ күн тәртібінде азаматтардың кей санатына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды тегін беру туралы мәселе болды.

 «Жаңа дәрілерді 22 науқасқа 10 дәрінің түрін ауыстырады. Қосымша қаржы сұратылған жоқ. Жылдың басында бөлінген қаржы жеткілікті. Сол бөлінген қаржының ішінде тек жаңадан қосылған дәрілерді қосу бойынша шешім қабылданды», – деді қалалық мәслихат депутаты Әкім Тұрсын.

Оқи отырыңыз: Алматыда 88 елден келген жас шахматшылар саны рекорд орнатты