Референдумға дейін:
9
күн
6
сағат
28
минут

”Менің дауысым ештеңе шешпейді деп ойламаңыздар”: Рамазан Амантай Алматы жастарына әуенді үндеу жасады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

JAS STARS концерттік кеші аясында сахнаға шыққан актер әрі продюсер Рамазан Амантай жастарға маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, келе жатқан маңызды іс-шараға бей-жай қарауға болмайды. 

«Мен бүгінгі кешке тек актер ғана емес, жастардың бір өкілі ретінде келіп тұрмын. Біз, жастар, мемлекеттің дамуына үлес қосуға міндеттіміз. Біздің бар байлығымыз – бірлігіміз. Бірлігімізді сақтап, референдумда өз таңдауымызды жасауға шақырамын. Менің даусым ештеңе шешпейді деп ойламаңыздар. Барлығымыздың даусымыз маңызды. Өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Еліміздің ертеңі үшін алаңдайық. Біз Қазақстан – жастарымыз», – деді спикер.

Сонымен қатар, Рамазан Амантай қара сөз өлең оқып, домбырамен арнау жасады. Өлеңінде тәуелсіздік, бейбітшілік, бірліктің туын ұстау және білімді жастар тақырыптары қозғалды. Ол жастардың ел болашағы үшін оттай жанып тұруы керектігін атап өтті. 

Соңында жастар да өлеңге қосылып, кештің атмосферасына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз: Бейбіт Құсайынов: Саналы түрде таңдау жасайтын күн

Новости партнеров