Оның жұмыстары әлемдік өнер музейлеріне де қойылған
Биыл өнер қайраткері, белгілі суретші . Осыған орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қылқалам шеберінің «Жан жарығы» мерейтойлық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ондағы экспозицияда мұражай қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылған.
"Ұстазы Ә. Қастеев қоршаған ортаны қағаз бетіне түсіруде бір документтік дәлдікпен бейнелесе, ал Үкі Әжиев еркіндікке бой ұрып, натураны негізге ала отырып, бейненің поэтикалық және сезімі мен оның мазмұнына терей бойлайды. Үкі Әжиевтің шығармалары - жоғары шеберліктің үлгісі. Оның ең сүйікті тәсілі - акварель техникасы. Яғни, акварельдің құрғақ қағаздағы және дымқыл қағаздағы екеуін де шебер меңгерген суретші", - деді Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Самал Мамытова.
Алматы облысы Кемертоған ауылында дүниеге келген Үкі Әжиұлы саналы ғұмырын бейнелеу өнеріне арнаған. Кескіндеменің түрлі әдістерін жақсы меңгерген шебер ең нәзік және күрделі тәсілдердің бірі акварельге ерекше мән берген.
Бүгінде оның жұмыстары қазақстандық мұражайларда ғана емес, әлемдік өнер музейлеріне де қойылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда құсбегілік дәстүрін дәріптейтін республикалық турнир басталды