Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов халықаралық Warwick Hotels & Resorts қонақ үй компаниясының вице-президенті Себастьен Сьюспен және iHolding делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Warwick Hotels & Resorts — штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан халықаралық қонақ үй операторы, әлемнің жетекші туристік және іскерлік орталықтарында премиум санаттағы қонақ үйлерді басқарады. Компания Қазақстан мен Алматыны туризм және қонақжайлылық саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін болашағы зор бағыт ретінде қарастыруда.

Кездесу барысында қаланың туристік және іскерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Инвестор жобаны жүзеге асыруға және Алматы аумағындағы болашақ инвестициялық бастамаларға қатысуға қызығушылық танытатынын растады.

Жобаны жүзеге асыру қаланың қонақ үй нөмірлік қорын ұлғайтуға, бес жұлдызды қонақ үйлер сегментін кеңейтуге, қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға және Алматының іскерлік әрі оқиғалық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін 7 763 бөлмеге арналған 70 қонақ үй құрылысы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл қаланың қонақ үй инфрақұрылымының жүйелі дамуына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруда

Новости партнеров