Халықаралық тревел-блогер Ahmed Haggagovic Алматыны жаңа қырынан таныды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемнің 193 елін аралаған халықаралық тревел-блогер, тележүргізуші әрі әрі 8 миллионнан астам оқырманы бар танымал саяхат жобасының авторы Ahmed Haggagovic Қазақстанға алғаш рет келді. Сапар барысында ол Алматыға аялдады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Haggagovic Алматының таулы аймақтарын аралап, табиғаты мен көркем көріністеріне, сондай-ақ қаланың дәл іргесінде орналасқан тауларға ерекше назар аударды.

«Қазақстан мен барған әлемдегі 193-ші ел. Бүгін Алматыдағы алғашқы күнім. Алғашқы сәттен-ақ бұл қаланың ерекше әсерін сезіндім. Әсем таулар, көркем табиғат, жасыл желек пен адамдар мені тәнті етті. Бұл қалаға келуге кеңес беремін және мұнда әлі талай ораламын деп үміттенемін», – деді Ahmed Haggagovic.

Haggagovic түрлі елдердің мәдениеті мен көрікті жерлері туралы авторлық телевизиялық жобасымен танымал. Оның Facebook, Instagram, TikTok және YouTube желілеріндегі жалпы аудиториясы 8 миллионнан асады.

Ahmed Haggagovic-тің Алматыға сапары қаланың туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға саяхатшының жеке әсері арқылы танытуға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз:  Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі