2022 жылы біз аудит жүргізіп, 142 тұрақты су басу учаскесін анықтадық
Арық желілерін ауқымды модернизациялау туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингі кезінде журналистің сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2022 жылы біз аудит жүргізіп, 142 тұрақты су басу учаскесін анықтадық. Соңғы екі жылда бұл учаскелер толығымен жойылды. 125 шақырым арық желілері салынды және қайта жаңартылды. 2025 жылы жұмысты тағы 180 шақырымға аяқтау жоспарлануда", - деді қала басшысы.
Ерболат Досаев атқарылған жұмыстардың арқасында 2025 жылға қарай Алматыда модернизацияланған арық желілерінің үлесі 80% ды құрайтынын атап өтті.
Бұл жоба қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымды жақсарту және су басып қалудың алдын алу бойынша кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.
Оқи отырыңыз: «Сайран» автовокзалы коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін