Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау: Алматыда арнайы орталықтар әр ауданда ашыла ма

Қалада әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар саны жыл сайын артып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған оңалту мекемелері жетіспейді. Мегаполисте бұл бағытта жұмыс істеп тұрған жалғыз «Шапағат» орталығының директоры осылай дейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай мекемелер әр ауданда ашылуы тиіс. Себебі қалада әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар саны жыл сайын артып келеді екен. Ал "Шапағатта" І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрі көрсетіледі. Олар денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай, күнделікті өмірге бейімделіп, қоғаммен араласуға мүмкіндік алады.

«Шапағатта» оңалту сегіз бағытта жүргізіледі. Мұнда сенсорлық бөлме, эрготерапия, физиотерапия, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, емдік дене шынықтыру, механотерапия мен кинезиотерапия, жаттығу және массаж кабинеттері мен монша кешеніне дейін қарастырылған. 

«Менің қызыма өте жақсы ұнайды. Бұл жерде ерекше балалар бар, олар ерекше қамқорлықты қажет етеді. Мамандар педагогикалық, психологиялық тәсілдермен жұмыс істейді. Мысалы осы кабинетте балалар әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудан, өзін-өзі күту, өзіне қызмет ету дайындығынан өтеді», - дейді ата-ана Гүлмира Базарбаева.

«Қалада осы орталық қана 18 жастан асқан адамдарға арналған. 50 орын бар. Бірақ орталыққа келіп, қатысу үшін тілек білдірушілер өте көп. Болашақта дәл осындай мекемелерді басқа аудандарда да ашу жоспарда бар», - деді орталық директоры Анар Оспанова.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Ақтөбеде жастар қоқыс жинап жарысты

Новости партнеров