Мерекелік думан Қазақстанның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың басқаруындағы концерттік оркестрмен ашылды
«Мың бояулы Алматы». Мемлекеттік Орталық музейде қала күніне арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының тұмса табиғаты бейнеленген картиналар, өнер бірлестіктерінің концерттік бағдарламалары, қыш жасау бойынша шеберлік сабақтар мен ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі ұсынылды. Мерекелік думан Қазақстанның халық әртісі Мұрат Серкебаевтың басқаруындағы концерттік оркестрмен ашылды.
«Мақсатымыз – әсем қаламыз Алматының тұрғындары, көрермендері және шетелден келген қонақтарымызға қаланың тарихын, мәдениетін, ерекшелігін көрсете отырып, мәдениетімізді таныстыру. Көрменің барша музей көрерменіне, жас ұрпаққа танымдық ерекшелігі болатынына сенімді», – деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызы.
Оқи отырыңыз: Гүл Алматы: Астана алаңында вокалды-хореографиялық қойылым көрерменді тәтті етті