Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымға дайын

Almaty.tv
Almaty.tv

Екі залдың бірі 744, екіншісі 226 көрерменге арналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жаңғырту жұмыстары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Театрдағы құрылыс жұмыстары былтыр наурыз айында басталған. Жоба аясында мәдениет ошағының 14,6 мың шаршы метрден астам қолданыстағы ғимараты жаңғыртылып, оған 10,5 мың шаршы метрден аса жаңа корпус қосылды. Бүгінде жөндеу толық аяқталып, нысанды қабылдау процесі жүріп жаты

«Бұл жобаның ерекшілігі – театрдың тарихи келбетін сақтап қалу болды. Себебі ғимарат 1981 жылы салынған және Алматы тұрғындары үшін ерекше орынға ие. Мұндағы бірегей мозаикалық паннолары мен сәулеттік ерекшеліктері сақталды. Сонымен қатар театрдың мүмкіндіктері кеңейді», –  деді  құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Смақова

Театр мыңында тағы бір замауи нысан бой көтерген. Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда балалар театр студиясы, кітапхана, дайындыққа арналған бөлмелер мен әртістерге киім тігуге арналған шеберхана және декарация цехтары қарастырылған. Сондай-ақ екі ғимарат арасын байланыстыратын техникалық дәліз бар.

Сонымен қатар көрермендер үшін де қолайлы жағдай жасалған. Үш қабатты атриум-фойе, театр кафесі, гардероб және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған инфрақұрылым қарастырылған. Екі залдың бірі 744, екіншісі 226 көрерменге арналған. Бұл бір мезетте көбірек көрермен қабылдап, жаңа қойылымдар мен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Қазіргі таңда жаңадан орнатылған механизмдер мен құрылғыларды іске қосуижұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ театр ұжымы мен ғимаратты пайдаланушы қызметкерлер көшіп жатыр. Жалпы қайта жаңарту  жұмыстары қашан да күрделі саналады. Біздің басты міндетіміз –  ескі архитектуралық жобаның толық келбетін сақтап қалу болды, оны толық сақтап қалдиық», – деді мердігер компания өкілі Нұрсұлтан Баратов.

Бұдан бөлек, театр маңы толық абаттандырылған. Қос ғимаратты қоса есептегенде, мұнда 3 жарым гектарға жуық аумақ бар. Бүгінде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, балаларға арналған ойын алаңдары салынған. Тұрғындар тың өзгерістер көңілінен шыққанын айтады.

«Театрға немерелерімді алып келдім.  Бұрын ескілеу болған. Жаңа жылда елкаға келетінбіз. Қазір керемет ғимарат. Көңілімізден шығып жатыр. Балаларға ойнайтын жер ашылыпты. Немерелерім судан шықпай жатыр. Сондықтан өте қуаныштымын. Әкімдікке,  Алматы қаласының тұрғындарына рақмет!» – деді қала тұрғыны Ғалия Ахметжанқызы

«Бұрын балаларға шомылуға болмайтын, қазір балаларға ыңғайлы жасапты. Ғимарат ескі еді, қазір керемет», – қала тұрғыны Әсия Абдуллаева

 Жарты ғасырға жуық тарихы бар театр жаңа тыныс алды. Жаңғырту жұмыстары нысанның тарихи келбетін сақтай отырып, оның материалдық-техникалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Енді жаңарған театр есігін көрермендерге айқара ашып, жаңа маусымын бастауға сақадай сай. 

Олжас Омарбек, Мейрам Исабеков

Оқи отырыңыз:  Елімізде президенттік кітапханалар ашылады