Терренкур демалыс аймағындағы көлде жаңа қалқымалы гүл композицияларымен толықты. Бұл туралы Eco Almaty ЖШС өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көгалдандыру бағдарламасы аясында кәсіпорын мамандары көл бетіне сәндік қалқымалы гүлзарларды орнату жұмыстарын бастады. Түрлі-түсті гүлдерден жасалған композициялар көлдің көркін айшықтап, қаладағы танымал серуен орындарының бірі саналатын аумаққа ерекше сән беріп тұр.
Қалқымалы гүлзарлар аумақты ландшафтық безендірудің жаңа құрылымына айналып, Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысын одан әрі жайлы етіп, аумақтың келбетін жаңаша аша түседі.
Eco Almaty мамандарының айтуынша, мұндай бастама қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттырып, қалалық ортаны дамытуға және тұрғындардың демалысына жайлы жағдай жасауға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы №90 мектеп-лицей оқушылары Түркияда өткен FEMO халықаралық олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды