Алматыдағы Бекешев көшесінде кәріз коллекторының құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі

17.07.2026 12:36
пресс-служба акима Алматы

Алматының Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторы құрылысы жобасының кезекті кезеңі басталады. Осыған байланысты 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты, -  деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Жоба аясында мердігер ұйым кәріз коллекторын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде аталған учаскеде қозғалыс жұмыстардың орындалу аймағына қарай кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушыларға келетін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді.  

Батыс кәріз коллекторы – Алматы қаласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін су бұру жүйесінің сенімділігі артып, қолданыстағы және жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға негіз қалайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеуге түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Уақытша бұл қолайсыздық құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін қажет.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады