Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Қазақстанға алғаш рет әкелінген NEUROLITH (Storz Medical, Швейцария) аппаратының таныстырылымына шақырады, -  деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Іс-шара барысында өндіруші компанияның халықаралық сарапшысы Себастьян Мюллер (Sebastian Mueller) дәріс оқып, құрылғының жұмыс істеу қағидатымен және Transcranial Pulse Stimulation (TPS) технологиясының ерекшеліктерімен таныстырады. Сондай-ақ бұл әдістің шетелдік клиникаларда қолданылу тәжірибесі мен еліміздің клиникалық тәжірибесіне енгізу мүмкіндіктері туралы баяндалады.

TPS - ми тіндеріне қысқа акустикалық импульс арқылы әсер ететін инвазивті емес әдіс. Бүгінде бұл технология Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту бағытында бірқатар шетелдік клиникада қолданылып келеді.

Халықаралық сарапшының сапары аясында қазақстандық дәрігерлерге жаңа технологияны қолдану бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады. Бұл отандық неврологиялық көмекті дамытудағы маңызды қадамның бірі болмақ.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды мен Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясы жергілікті кеңесінің отырысын өткізді