Нұрлан Абдуллин Алматыда референдумда дауыс берді

Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды.

«Менің ойымша, елдің бірлігі біздің қолымызда. Бүгін біздің азаматтар келіп дауыс беріп, өздерінің пікірін білдіріп жатыр. Бұл еліміздің және біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», - деді Нұрлан Абдуллин. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Оқи отырыңыз:  Әнші Парвиз Назаров Алматыда референдумда дауыс берді

Новости партнеров