Бір стадион, мыңдаған дауыс: Алматы Энрике Иглесиасты қалай шығарып салды

Кадр из видео
Кадр из видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық көрермен Энрике Иглесиасты зор қошеметпен шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концерттің финалына қарай бүкіл стадион бір үлкен хорға айналды. Көрермендер әншінің есімін — «Энрике!» деп хормен ұрандатқаннан кейін, стадионды зор қошеметке бөледі.

Алматылықтар әншімен бірге оның танымал хиттерін орындап, таныс әуендер мен сөздерге қосылып отырды. Сол сәтте сахна мен трибунаның арасы бірнеше метр ғана сияқты көрінді — көрермендер Энрикені белсенді қолдап, оны сахнадан жібергісі келмеді.

Концерттің соңғы минуттары әнші мен көрермен арасындағы шынайы диалогқа ұласты: Энрике жанкүйерлеріне үн қатса, стадион оған қошеметпен, қуанышты дауыстармен және әнмен жауап берді.

Концерт аяқталған кезде мыңдаған көрерменнің дауысы тағы да бір арнаға тоғысып, «Энрике!» деген ұранға ұласты. Осылайша алматылықтар әншіге музыка мен эмоцияға толы кеш үшін алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: Энрике Иглесиас «Bailando» әнін алматылық көрермендермен бірге бірнеше рет орындады