Алматы – миллиондаған адамның табаны тиген тарихы терең қала. Мәдениет пен өнері астасқан шаһар әр адамға өзінше ыстық. Мегаполистегі әр көше мен көрікті жердің өз естелігі бар. Талай өнер иесінің шығармашылығын шыңдаған.
Almaty.tv тілшісі елімізге белгілі өнер адамдарының Алматыға деген ыстық ықыласын жеткізді.
«Алматы – жыл мезгілінің төрт кезеңі де бар. Көктемі қандай гүле оранған, жазы қандай жайдары, күзі қандай байлық, қысы өте жайлы. Алматымыз – әлемдегі ең бір ғажап қала. Көркейе берсін, өсіп,өне берсін ардақты алматылықтар!» – деді Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.
«Құрметті алматылықтар, Алматы күнімен құттықтаймын. Қалада балалық шағым өткен. Достық даңғылының бойында жалаңаяқ су кешіп, ойнайтынбыз. Әрине, мен үшін Алматы – ерекше, ыстық қала», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева.
«Алатау тауының етегіндегі әсем қаламыз Алматының туған күні құтты болсын! Барлықтарыңызға амандық тілеймін, арайлап атқан таң жақсылық алып келсін. Жамандық жанымызға жетпей, бақ-дәулет басымыздан кетпей, еліміз аман, жұртымыз тыныш, әрқашан да бейбітшілік өмірде жақсы қуанышпен кездесіп тұрайық», – деді Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев.
Оқи отырыңыз: Бекжан Тұрыс: Алматы – тау тұлғаларды тәрбиелеген рухы биік мекен