«Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы қаласының Құрылыс басқармасы.
Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті