Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

18.02.2026 16:37
Фото Victor Glutsenko

Алматыда Үлкен Алматы көліне дейін ұзындығы 5,3 шақырым болатын ұйымдастырылған жүргінші соқпағын салу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген.

Сонымен қатар тамыз айында Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратын жаңғырту және оған қосымша құрылыс салу жұмыстары аяқталады.

Аталған жобалар қаланың туристік тартымдылығын арттыруға және мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын басқарма басшысы атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталуда