Референдумға дейін:
23
күн
7
сағат
20
минут

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталуда

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 9 білім беру нысанын салу және құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аталған жобалар Түрксіб, Алмалы, Алатау, Жетісу және Наурызбай аудандарындағы мектептерді қамтиды.

Сонымен қатар Бостандық ауданындағы «Дарын-1» шағынауданында 900 орындық шығармашылық мектебінің құрылысын аяқтауға және қолданыстағы мектептерге қосымша ғимарат салуға қаржы қарастырылған. Мамыр айында «Алғабас» шағынауданында жатақханасы бар инновациялық техникалық колледжді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету – Алматы қаласының бюджет саясатының басты басымдықтарының бірі», – деді Бауыржан Құдайбергенов.

Оқи отырыңыз: 2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Новости партнеров