ПД басшысының айтуынша, биыл қалада қылмыс -9,6 пайызға төмендеген
Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ПД басшысының айтуынша, биыл қалада қылмыс -9,6 пайызға төмендеген.
Ауыр қылмыстар саны 3%-ға, зорлау 12,5%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 31,6%-ға, интернет-алаяқтық 14,5%-ға, тонау 28,7%-ға, бопсалау 8,3%-ға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азайған.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар да азайған.
"Алматы полициясының қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Жалпы алғанда, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда: қылмыстарды ашудың тиімділігі, оның ішінде «ізін суытпай» ашудың тиімділігі артты. Биылғы жылы атқарылған бірқатар іс-шаралар қылмыстың азаюына ықпал етті. Біз еліміздің Ішкі істер Министрлігінің және Әкімдіктің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз", - деді, Алматы полициясының басшысы.
Дереккөз: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: ҚР ІІМ Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі бақылауына алды