Елімізде жалпыұлттық референдум ресми өтті - ОСК

08.10.2024 13:19

Референдумда қабылданған шешім ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді

Елімізде АЭС салу бойынша өткен жалпыұлттық дауыс берудің түпкілікті қорытындысы шықты. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ақпарынша, таңдау жасауға қатысқан қазақстандықтардың 71,12 пайызы, яғни 5 млннан аса адам АЭС құрылысын қолдаған. Cаяси науқанда 12 млн 284 мың 487 адам дауыс беру құқығына ие болды. Орталық комиссия елімізде жалпыұлттық референдум ресми түрде өтті деп мәлімдеді.

"Референдумда қабылданған шешім ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Референдумда қабылданған шешімнің Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күші бар және актілермен қандай да бір қуаттауды қажет етпейді", – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: АЭС: сала мамандары референдумның алдын ала нәтижесін талқылады