«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

15.08.2026 21:42
Кадр из видео

Астана қаласының тұрғыны Динара Саменова екі баласымен бірге Алматыға Канье Уэсттің концертін тамашалауға арнайы келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, әлемдік деңгейдегі шоуға қатысу баласы Дәулеттің көптен бергі арманы болған. Динара Саменова баласының арманын орындау үшін екі баласын ертіп, Астанадан Алматыға жол тартқан.

«Біз арнайы осы әлемдік деңгейдегі шоуды көру үшін Астана қаласынан келдік. Осы концертті өз көзімен көру менің балам Дәулеттің арманы еді. Оның арманын орындағым келді», — дейді ол.

Оның айтуынша, отбасы концерттен жоғары деңгейдегі шоу күтеді. Анасы балаларымен бірге көптен күткен кешті тамашалауға дайын екенін жеткізді.

«Мен екі баламмен келдім. Жоғары деңгейдегі әлемдік шоуды көруге дайынбыз», — деді Динара Саменова.

Оқи отырыңыз: Көптен күткен сәт: Канье Уэст Алматыда концертін бастады

Толық көрсету