Рәміздерге құрмет – күнделікті міндет: Алматыда бірқатар заңбұзушылық анықталды

Жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатыны айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімдігінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай жиын өтті. Басқосуда қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлына мемлекеттік органдар мен қала нысандарында рәміздерді орналастыру және пайдалану тәртібіне қатысты мониторинг нәтижесі таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Тексеру барысында бірқатар мекемеде мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның талапқа сай ілінбеуі, кей нысандарда рәміздердің түнгі уақытта жарықтандырылмауы және ескі үлгідегі Елтаңбаның қолданылуы секілді олқылықтар анықталған. Жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Мамандардың сөзінше, мемлекеттік рәміздерге құрмет тек мерекелік күндермен шектелмей, күнделікті тәртіп пен жауапкершіліктің бір бөлігіне айналуы тиіс. Сонымен қатар жиында Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев Рәміздер күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын дұрыс қолданбағаны үшін ҚР-ның әкімшілік кодексінде айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға 5, шағын бизнестерге 10, орта бизнеске 20  және ірі бизнеске 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», – деді Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті  департаментінің бас маманы Әдемі Нысанбек.

Оқи отырыңыз: Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Новости партнеров