Әрбір дауыс маңызды - Мейіржан Отыншиев

23.08.2026 15:26

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы сайлаудың тарихи маңызын атап өтті

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай маңызды қоғамдық-саяси үдеріске қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді.

Сондай-ақ тұрғындардың өз таңдауын еркін білдіруі мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді дейді.

«Биылдан бастап бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай деп бекітілді. Міне, бүгін бірінші рет тарихи күні дауыс беруге келіп отырмыз. Бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп есептеймін. Біз Президент реформаларына бей-жай қарамай, осы саяси реформаларға атсалысуымыз қажет деп есептеймін. Әрбір дауыс маңызды. Әрбір адамның осы сайлауға келіп қатысуы елдің ертеңін анықтайды», – деді Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Оқи отырыңыз: Алматылық зейнеткерлер сайлауда белсенділік танытып жатыр

Толық көрсету