Референдум – демократияны нығайтудың маңызды қадамы - Мереке Құлкенов

06.10.2024 14:18

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Алматыда референдумда дауыс берді

РСК

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мереке Құлкенов №175 мектеп-гимназиясында орын тепкен №584 сайлау учаскесіне барып, АЭС құрылысы мәселесі бойынша дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

«Референдум – демократияны нығайтудың маңызды қадамы, бұл азаматтарға пікірін білдіру, еліміздің болашағына әсер ету және қоғамдағы белсенді оң өзгерістерді көру үшін ерекше мүмкіндік», – деді қоғам қайраткері Мереке Құлкенов. 

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы тұрғындары тұрғылықты жерінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беруде. Мегаполисте барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз:   Атақты скрипкашы Жәмила Серкебаева Алматыда референдумда дауыс берді