Республика күніне орай Алматыда скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды

22.10.2025 14:44

 Табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалауын  экологиялық жақсартуға ерекше назар аударылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Алатау ауданындағы Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған жобаны іске асыру осы жылдың сәуір айында басталған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

12 мың шаршы метрден астам алаңда ауқымды абаттандыру  жұмыстары жүргізілді. Аумақ көркейтілді, арт-нысандар орнатылды, арық өткелі мен амфитеатр салынды. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесі жабдықталып, көшені жарықтандыру желілері жүргізілді.

Табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалауын  экологиялық жақсартуға ерекше назар аударылды.

Бүгінде барлық жұмыс аяқталды. Енді міне, сквер қала тұрғындары демалатын заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.

Оқи отырыңыз: Тегін ыстық тамақпен қанша оқушы қамтылды