Тегін ыстық тамақпен қанша оқушы қамтылды

Depositphotos
Depositphotos

Тамақтандыру сапасын қадағалау тосыннан тексеру ақылы жүзеге асырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тегін ыстық тамақпен 1,7 млн мектеп оқушысы қамтылды. Олардың ішінде 1,4 млн астамы бастауыш сынып оқушысы және 340 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі ұйымдарда да осындай санаттағы 99 мың бала тамақпен қамтамасыз етілді.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарында көкөніс пен жеміс тұтынуды арттыруды, тұз, қант және май мөлшерін азайтуды, сондай-ақ табиғи емес өнімдерді алып тастауды көздейтін тамақтану стандарты енгізілді.

Тамақтандыру сапасын қадағалау тосыннан тексеру ақылы жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Маман тапшылығын азайту: Түркістан мектептеріне жаңа буын ұстаздары келді

 

Новости партнеров