Чемпионат Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті
Астанадағы Qazaqstan спорт кешенінде WorldSkills Kazakhstan–2025 Х республикалық чемпионаты қорытындыланды. Биыл алғаш рет Алматы колледждерінің құрама командасы жалпыкомандалық медаль есебінде 1-орынға ие болды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Осы жылы чемпионат кеңейтіліп, 15 жаңа құзыреттілік енгізілді. Байқауға елдің 20 өңірінен 825 студент және 719 сарапшы қатысты. Алматы атынан 44 құзыреттілік бойынша 52 қатысушы мен 44 сарапшы сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде алматылық команда 5 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль және 19 «Үздік» медальонын жеңіп алып, медальдық есептің көшбасшысы атанды.
Қазақстан Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен чемпионат техникалық әрі кәсіптік білімнің беделін арттыруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматының 2030 жылға дейінгі даму жоспары таныстырылды