2026 жылы 19-22 мамыр аралығында Астанада 7-8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ауқымды зияткерлік додаға Қазақстанның барлық өңірінен 547 оқушы қатысты. Олардың қатарында Алматының намысын қорғаған 25 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясында I орын иеленді.
Жарыс нәтижесінде алматылық оқушылар төмендегідей көрсеткішке қол жеткізді:
І орын — 3 оқушы;
ІІ орын — 2 оқушы;
ІІІ орын — 8 оқушы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Төрт күн бойы қатысушылар күрделі тапсырмаларды орындап, түрлі пәндер бойынша білімін көрсетті. Олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға және олардың әрі қарай дамуына қолдау көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.
Оқи отырыңыз: Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды