Референдумға дейін:
12
күн
5
сағат
58
минут

Алматылық спортшы күрестен халықаралық рейтингтік турнирде жеңіске жетті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық спортшы Жәмилә Бақбергенова Тиранада (Албания) өткен әйелдер күресінен халықаралық рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, спортшы 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Финалда ол Қырғызстан өкілі Нұрзат Нұртаеваны 14:3 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды. 

Финалға дейінгі белдесулерде Жәмилә Бақбергенова мықты дайындық деңгейін көрсетті. Алғашқы айналымда польшалық Виктория Чолуйді 4:3 есебімен тізе бүктірсе, кейін 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Бусе Тосунды 6:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда үндістандық Дикша Маликті 10:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтты. 

Осылайша, Жәмилә Бақбергенова Қазақстан құрамасының қоржынына халықаралық рейтингтік турнирдің алтын медалін салды.

Оқи отырыңыз: Алматыда Алғыс айту күніне орай «ALGYS FEST» мерекелік концерті өтті

Новости партнеров