Алматыда белгілі ғалымның мерейтойына орай халықаралық жиын өтті
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тастанбек Атақұлов - 80 жаста. Айтулы датаға орай, Алматыда «Қазақстанның суармалы жерлерін пайдалану және оны дамыту жолдары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған іс-шараға сала мамандары қатысып, пікір алмасқан.
Айта кетейік, білім беру ісінің құрметті қызметкері бүгінге дейін тек шәкірт тәрбиелеп қоймай, еліміздің суармалы жерлері мен су көздерін тиімді пайдалану бағытында үздіксіз, нәтижелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
"Суармалы жер қазір біздің алтын қорымыз боп есептеледі. Жалпы, аумағы 1,5 гектар болғанымен, өсімдік өсіретін жерлерден алатын өнімнің 30-40 пайызын суармалы жерден алып жатырмыз. Сондықтан суармалы жерлерге Қазақстанда айрықша көңіл бөліп, су үнемдейтін технологиялар енгізбесек болмайды", - деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тастанбек Атақұлов.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының таныстырылымы өтті