Небәрі екі айдың ішінде кітап тиражы 15 мың данаға жетті
Алматыда "Қаныш және ғылыми майдан" кітабының таныстырылымы өтті. Туынды Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы, геолог-минеролог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай жарыққа шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Небәрі екі айдың ішінде кітап тиражы 15 мың данаға жетіпті. Еңбекте ғалымның өмір жолы, саладағы ерлігі қамтылып, болмысы сипатталған. Ал жиынға жиналған қауым кітап авторымен жүздесіп, автограф жаздыруға да мүмкіндік алды.
"Соңғы үш жылда қазақтың тұлғаларын жастарға идеал қылумен, таныстырумен шұғылданып жатырмыз. "Бейсен және болмыс" кітабы шыққан, одан кейін біз өткен тарихтан алғаш рет Өзбекәлі Жәнібектің тұлғасын танытқанбыз. Енді биыл кезек Қаныш Сәтпаев тұлғасына келді. Сондықтан былтыр «Өзбекәлі және мәдени майдан» деген кітап шықса, биыл "Қаныш және ғылыми майдан" деген кітабымыз 14 қыркүйекте жарыққа шықты. Сол кітапты екі айдан бері Қазақстанның барлық өңірін, қалаларын, облыс орталықтарын аралап, шарлап жүріп таныстырып келеміз", - деді «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбай.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында тұрғындар медициналық қалдық жағатын пештің тұрғызылуына наразы