Тазабек Құрылтай сайлауында дауыс берді: азаматтық белсенділік әркімнің жеке қатысуынан басталады

23.08.2026 18:42
РСК Алматы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жанашырлықтың нышанына айналған Тазабек Алматыда Құрылтай сайлауына қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тазабектің бейнесі бүгінде экология тақырыбының аясынан әлдеқашан шығып, жауапкершіліктің, саналы көзқарас пен әр азаматтың қоғам өміріне белсене араласуының нышанына айналды. Өйткені «Таза Қазақстан» қағидаты көшелердің, саябақ пен ауланың тазалығы ғана емес. Бұл ой-ниеттің тазалығы, қоғамдық институттарға құрмет және елдің дамуына жеке үлес қосуға деген ұмтылыс.

Сайлауға қатысу – азаматтық белсенділіктің маңызды көрінісінің бірі. Осындай қадам арқылы мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне жауапкершілікпен қарау мәдениеті қалыптасады. Дауыс беру арқылы әр азамат қоғамдық үдерістерге бей-жай қарамайтынын білдіріп, маңызды шешім қабылдауға атсалысуға дайын екенін жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Орда: №507 сайлау учаскесі Қазақ хандығы дәуірінің нақышында безендірілді

Толық көрсету