Тереңқұрдан Медеуге дейін: Алматыда жаңа серуендеу аймағы қашан ашылады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапары барысында аймақтағы абаттандыру ісін тексерді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапары барысында Тереңқұрдан Медеуге дейінгі бағыттың абаттандырылуымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы етіп жасалып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 8 шақырым. Оның 4 шақырымы бүгінде дайын. Жоба аясында 11 жаяу жүргіншілер көпірі, спорттық және балалар алаңдары, адамдардың тынығуына арналған орындар салынады.
Ал өзен жағалауларын қауіпсіз етіп бекітуге ерекше мән берілген. Сондай-ақ түрлі ағаштар мен гүлдер де отырғызылады. Әкім мердігерлерге тұмса табиғатымызды сақтай отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау керек екенін тағы бір мәрте ескертті. Барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.
Оқи отырыңыз: Алматы бюджеті нақтыланды: 57,7 млрд теңге қай бағыттарға жұмсалады