ІІМ Алматы академиясына 300-ге жуық курсант қабылданды

02.10.2024 в 18:00

Жаңа курсанттардың Ант қабылдауы рәсімі өтті

Almaty.tv

300-ге жуық жас курсант Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қатарын толықтырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жақында академияда жаңа курсанттардың Ант қабылдауының салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға көп қонақ, соның ішінде Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы мен басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Гонконгтан келген шетелдік қонақтар жиналды.

Басшылық құрам курсанттарды Отанға қызмет ету жолының басталуымен құттықтап, олардың қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ курсанттар үшін мақтаныш сезімін білдіріп, оларды жоғары жауапкершілікке шақырды.

Салтанатты шараға курсанттардың ата-аналары мен жақындары қатысты, олар осы маңызды сәтті қуанышпен және мақтанышпен тамашалады. Жұртшылық өкілдері де жас курсанттарды қолдап келді.

«Салтанатты рәсімде ардагерлер мен басшылық жас ұрпаққа жаңа форматтағы полиция қызметкеріне сай болуы үшін Отанға ерлікпен, жігерлікпен және абыроймен қызмет етуге шақырды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына оқуға бірнеше сынақтардан тұратын талапкерлер іріктеу науқаны өтті, нәтижесінде 300-ге жуық талапкер іріктеуден сәтті өтті.

Оқи отырыңыз: Enactus World Cup: әлем кубогына елімізден 2000 жас кәсіпкер арнайы шақырту алды