Тұрғындар мәселесі назарда: Дархан Сатыбалды алматылықтарды жеке қабылдады

21.10.2026 16:26

Қабылдау барысында балалар спортын дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды

Almaty.tv

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдады. Қала басшысымен кездескен алматылықтар толғандырған мәселелерін айтып, оларды шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, көпқабатты үйлерді күтіп ұстау, бұқаралық спортты дамыту секілді бағыттар көтерілді. Азаматтардың бірі тұрғын үй кешеніне инженерлік желілерді қосу мәселесін шешіп беруді сұрады. Себебі құрылыс компаниясы жүктелген міндеттемесін толық атқармаған.

«Бізде құрылыс компаниясымен күрделі мәселе болды. Тұрғын үй пайдалануға берілмегендіктен, трансформаторлық қосалқы стансалар мен коммуналдық жүйелер де іске қосылмаған. Әкімдіктің көмегімен бұл мәселелер шешіле бастады», – деді қала тұрғыны Алет Қанетов.

Қабылдау барысында балалар спортын дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, Алатау ауданында кешенді оқушылар сарайын салу ұсынылды. Бұл олардың түрлі үйірмелерге қатысуына мүмкіндік бермек. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардың өтініштері жан-жақты зерделеніп, тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты басқармаларға жолданды. 

«Алматы аренада» жұмыс істеп жатыр. Балаларға өз уақытымен жаттығу процестері жүріп жатыр. Әрине, қалаға қосымша мұз айдындары керек. Алатау ауданында «Алматы аренада» концерт болған кезде, балалар басқа жаққа баруға мәжбүр. Тағы да қосымша инфрақұрылым болса, тұрғындарына қолайлы болатын еді», – деді хоккей клубының директоры Дәурен Есенбеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Толық көрсету