Тұрғындар өтініші назарда: Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылады

28.10.2026 16:10

Шаһар басшысы жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне әр мәселені жан-жақты зерделеп, тексеріс жүргізуді тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келгендер баспана алу, әлеуметтік қолдау, мүлік иелері бірлестіктерінің жұмысы, инженерлік желілердің жай-күйі, көркейту және автотұрақ ұйымдастырудың жай-жапсарын көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сондай-ақ алматылықтар жұмысқа орналасу, оңалту қызметін алу, қажетті медициналық көмек көрсету бойынша қолдау сұрады. Бірқатар өтінішке қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысы, мүлік иелері бірлестіктерінің қаржылық есептілігі мен коммуналдық желілердің жай-күйі себеп болған. Сонымен қатар үлескерлердің мәселесі мен қала инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар қаралды. Шаһар басшысы жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне әр мәселені жан-жақты зерделеп, тексеріс жүргізуді тапсырды. 

"Әкім қабылдауында үй мәселесін көтердім. Көргендеріңіздей, әкім менің өтінішімді тыңдап, жауапты адамдарға тапсырма берді. Бұдан кейін мәселем шешілетініне сенімдімін. Сондықтан, шаһар басшысына алғысымды айтып, нәтижесін күтемін", - дедіқала тұрғыны Алма Сырғабаева. 

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында 43 аумаққа көше шамдары орнатылып жатыр

Толық көрсету