"Ұлттық қор - балаларға" жобасы: әр балаға қаражат бөлу жалғасады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Аталған бағдарлама болашаққа жұмсалған инвестиция болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Ұлттық қор-балаларға" жобасы аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. 2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы жүзеге асырыла бастаған бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр.

"Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана: тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалануға болады”, - делінген хабарламада.

Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қайта жаңғырту: Сайран көлін суға толтыру дайындығы басталды

Новости партнеров