Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі

Мира Байбек
Glen Carrie / Unsplash
Glen Carrie / Unsplash

Табиғи шырындардың да мүлдем қауіпсіз емес екені айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Диетологтар қант қосылған сусындардың диабетке әкелетінін ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Daily Mail басылымының жазуынша, АҚШ-тың танымал диетологы, профессор Карен Делла Корте өз әріптестерімен бірге жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, қантты сусындарды тұтыну мен екінші типті қант диабетінің дамуы арасында тікелей байланыс бар екенін айтты.

Корте ханымның айтуынша, құрамына қант қосылған газдалған, сондай-ақ энергетикалық және спорттық сусындар — диабетке шалдықтыруы мүмкін негізгі факторлардың бірі.

«Қант қосылған әрбір 350 миллилитр сусын, оның ішінде газдалған, энергетикалық немесе спорттық сусындар екінші типті қант диабеті қаупін арттырады», — дейді диетолог.

Оның айтуынша, мұндай қауіп табиғи шырындардан болуы мүмкін.

Профессор атап өткендей, қатты тағамдардағы (мысалы, тәтті бәліш пен балдағы) қанттың мұндай теріс әсері онша байқалмайды. Кей жағдайларда бұл өнімдер тіпті қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге көмектеседі екен.

Карен Делла Корте бұл деректер қантты толықтай тыйым салу қажет емес екенін көрсететінін айтады. Дегенмен ол қантты қандай өнім арқылы тұтынуға айрықша мән беру керек деп есептейді.

Бұдан шығатын қорытынды - қанттың зияны ол қосылған тағамға да байланысты. Қантты сусындар — екінші типті диабет қаупін күрт арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ал қант қосылған тағамдардың зияны азырақ, тіпті кей жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан қантты тұтынуда тепе-теңдік пен мөлшерін бақылауда ұстау аса маңызды.

Оқи отырыңыз: Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай дұрыс таңдау керек

Новости партнеров