Алматының жас дарындары – ел мақтанышы

25.08.2026 10:38
Ақорда

Кеше, 24 тамыз күні, Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің әр өңірінен келген 21 жеңімпаз бен жүлдегердің қатарында Алматы қаласының 8 оқушысы болды. Алматының жас дарындары физика, химия, биология және математика пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 9 медальды – 1 алтын, 6 күміс және 2 қола жүлдені ел қоржынына салды.

Алматы қаласының жас олимпиадашылары:

Черемнов Роман — «Мирас» мектебі
Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — алтын медаль

Аширханов Алихан — «Білім-Инновация» лицейі
Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) — күміс медаль

Мурат Тимур — Haileybury Almaty мектебі
Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — күміс медаль

Алтынбек Ерасыл — «Nurorda» мектебі
Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — қола медаль

Еркебуланы Али — «Nurorda» мектебі
Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — күміс медаль

Полетаев Данил — №134 лицей
Халықаралық химия олимпиадасы (IChO) — күміс медаль

Бейганов Батырхан — Республикалық физика-математика мектебі
Халықаралық математика олимпиадасы — күміс медаль

Желтова Софья — Назарбаев Зияткерлік мектебі
Халықаралық биология олимпиадасы — күміс медаль

Аманжолов Амирлан — Haileybury Almaty мектебі
Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — қола медаль

Шәкірттері беделді халықаралық жарыстарда топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер де жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

№134 лицейдің мұғалімі Ирина Нестеренко — «Құрмет» орденімен;

«Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жук — «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышев — «Шапағат» медалімен марапатталды.

Президент дарынды жастарды халықаралық аренадағы жарқын жетістіктерімен құттықтап, олардың әрбір жеңісі ел үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Әрқайсыңыз – еліміздің нағыз мақтанышысыздар!»

Алматының жас олимпиадашылары – ел мақтанышы!

Білім мен ғылым жолындағы жеңістеріңіз көбейіп, биіктеріңіз бұдан да асқақтай берсін! Еліміздің көк байрағын әлем төрінде биік ұстай беріңіздер!

Оқи отырыңыз: Алматыда «шағын Венеция»: қалада ауқымды жоба қалай жүзеге асып жатыр

Толық көрсету