Алматы әкімдігінің өкілдері апатты ғимараттың бұзылуына қатысты түсініктеме берді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Алматыдағы тарихи ғимараттың бұзылып жатқаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәліметтер шынайы жағдайды толық көрсетпейді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының хабарлауынша, Гоголь көшесі, 45 мекенжайында орналасқан 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілмеген және тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесіне ие болмаған.

Әр жылдары бұл ғимаратта түрлі қалалық қызметтер орналасқан. Ал 2022 жылдан бастап техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты ғимарат іс жүзінде пайдаланылмаған.

2025 жылы жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша аталған нысан апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталған. Осыған орай ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта құрылыс нысанын сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал жер телімі мемлекеттік жер қорына берілді.

Оқи отырыңыз: Алматы GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan – цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жылдың басты іс-шарасын өткізеді

Новости партнеров