Егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау – жаңа Конституция жобасындағы мызғымас қағидат

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бүгін жаңа Конституция жобасының мәтіні жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің негізгі ұстанымдары нақтыланып, Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау негізгі қағидат ретінде бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құжат сондай-ақ елдің құқықтық және саяси дамуының іргетасын айқындайтын стратегиялық мәнге ие.

«Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету», - деп жобаның 3-бабы 1-тармағында нақты көрсетілген. 

Бұл норма мемлекеттің қызметі, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік пен дербестікті сақтауға бағытталатынын білдіреді.

Сондай-ақ құжатта адам құқықтарын қорғау мен заң үстемдігін қамтамасыз ету Егемендік ұғымымен қатар қойылған. Тәуелсіздікті нығайту тек аумақтық тұтастықты сақтау ғана емес, құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтырумен де тікелей байланысты екенін аңғартады.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы Қазақстанның егемен ел ретіндегі бағытын айқындап, Тәуелсіздікті сақтау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді мызғымас негіз ретінде бекітіп отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Егер жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал қабылданған күн мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жариялануы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Байырғы қазақ жері – жаңа Конституция жобасы елдің тарихи құндылығын айқындап берді

Новости партнеров