Алматының Алатау ауданында жаңа жүргіншілер аймағы ашылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында серуендеуге және демалуға арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие нысан Үлкен Алматы өзенінің жағасында, Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарының аралығында орналасқан. Бұл туралы Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аумақ кешенді түрде абаттандырылып, қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілді. Шағын сәулеттік нысандар мен сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды, жайлылық пен бірліктің символы саналатын «Шаңырақ» арт-нысаны ретке келтіріліп, ағаштар отырғызылып, көгалдар жасалды, заманауи автоматты суару жүйесі енгізілді, асфальт, кеспе тас төселді.

«Бұрын бұл жерден жай ғана өтіп кететінбіз, ал қазір шынымен де серуендейтін орынға айналды. Балалармен қыдыруға өте ыңғайлы, кешке серуендеу де жақсы – жарық, жинақы, қауіпсіз. Үйдің маңынан осындай кеңістіктердің ашылғаны қуантады», – деді аудан тұрғындарының бірі.

Новости партнеров