Алматы зообағында үш амур жолбарысының күшігі дүниеге келді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Наурызда зообаққа шамамен 40 мың адам келіп, бұл рекордтық көрсеткішке айналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы хайуанаттар саябағында жыл басынан бері сирек жануарлар қатары толығып, келушілер санының артқаны байқалады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2026 жылы 11 қаңтарда амур жолбарыстары Бентли мен Яргиден үш бірдей күшік дүниеге келді. Алғашқы апталарда шөнжіктер енесімен бірге болды. Көктем келгесін вольерге шығып, жаңа ортаға бейімделе бастады. Қазіргі уақытта олар енесін еміп жүр, дегенмен қатты тағамға да қызығушылық танытып, күн өткен сайын белсенділігі артып келеді.

Көктемгі маусымның басталуына байланысты жылуды жақсы көретін жануарлар да жазғы вольерлерге шығарылды. Пілдер, керіктер, мүйізтұмсықтар, зебралар, тапирлер мен пеликандар ашық алаңдарға шығып, еркін қозғалып, табиғи тіршілігін жалғастырып жатыр. 

Наурызда зообаққа шамамен 40 мың адам келіп, бұл рекордтық көрсеткішке айналды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда келушілер саны 23%-дан астамға артқан.

«Мереке күндері зообаққа 40 мыңға жуық қонақ келді. Қала тұрғындары мен қонақтарының табиғатқа деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Үш амур жолбарысы күшігінің дүниеге келуі — маңызды оқиға әрі мамандарымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі», — деді зообақ директоры Сейілхан Әкілбеков. 

Қазіргі таңда зообақта инфрақұрылымды дамыту, жануарларды күтіп-бағуға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар келушілерге арналған танымдық бағдарламалар да кеңейтіліп келеді.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Новости партнеров