Алматыда тау туризмі инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде туристер үшін 1 мың шақырымнан астам тау маршруты цифрландырылған. Оның ішінде 850 шақырымнан астам бағыт көркейтіліп, 2GIS платформасына енгізілді. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv
Соңғы уақытта ең танымал он туристік маршрут толық көріктендірілді. Жаңа кемпинг аймақтары құрылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы жаңғыртылды. Сондай-ақ, ауыз су алатын орындар жабдықталып, танымал туристік нысандар жаңартылды.
Бұдан бөлек, саяхатшылар үшін бес тілде жұмыс істейтін аудиогид әзірленді. Ол 110-нан астам көрікті орын мен 10 туристік маршрут туралы ақпаратты қамтиды.
Оқи отырыңыз: Алматының тарихи орталығындағы кешкі жүгіру жарысына 1300 адам қатысты