Алматының Бостандық ауданында жол жөндеу мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды

06.04.2026 13:09
пресс-служба акима Алматы

Алматының Бостандық ауданында жол жөндеу және көше-жол желісін дамыту жұмыстары қарқын алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Азамат Қалдыбеков журналистерге осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері ауданда 4,3 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 40 мың шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Үлкен көшелер мен аулаішілік жолдарда да жұмыс қызып жатыр.

«Біз жолды жақсартуға жүйелі түрде қарап, алдымен негізгі жолдан бастап, біртіндеп аулаішілік көшелерді қолға алмақпыз», — деді Азамат Қалдыбеков.

Сонымен қатар ауданда 1 мыңнан астам люкті ауыстырып, ұзындығы 32 шақырым болатын 50 көшеде орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарға енген. 

Бұған қоса, қауіпсіздікті арттыру мен жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаңа жүргіншілер аймақтары салынып, әл-Фараби даңғылы бойындағы техникалық тротуар көркейтілді. 

Көше-жол желісін жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың екінші тоқсанында да жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады