Алматыда тұрғындар үшін 11 тегін мұз айдыны жұмыс істейді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Олар қыс бойы ашық болады, кіру тегін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025–2026 жылдардың қысқы маусымында қала аумағында 11 әлеуметтік (тегін) мұз айдыны жұмыс істейді, - деп хабарлайды Almaty.tv 

Аталған мұз айдындары келесі аудандарда орналасқан:

• Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы және Тұңғыш Президент Қорының саябағы (Ганди көшесі);
• Алатау ауданы – «Almaty Arena»;
• Медеу ауданы – Республика сарайы, «Халық Арена», 28 панфиловшылар саябағы;
• Наурызбай ауданы – аудан әкімдігі аумағында;
• Түрксіб ауданы – «Авиатор» стадионы;
• Жетісу ауданы – «Kokjiek Garden» және «Гүлдер» саябақтары;
• Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы аумағында.

Әлеуметтік мұз айдындар қыс бойы ашық болады, кіру тегін.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі қардан тазарту жұмысын жалғастырып жатыр

Новости партнеров