Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Атап айтқанда, электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51