Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

24.07.2026 17:07
пресс-служба акима Алматы

Құлжа тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз. 

Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланып отырады.

Оқи отырыңыз:  Эстетика, ұзақ пайдалануға жарамдылық және дизайн-код: Алматының тарихи орталығындағы тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып жатыр