Алматыда 11 арнайы сайлау учаскесі жұмысын бастады

23.08.2026 06:30

Қала бойынша барлығы 670 сайлау учаскесі сағат 07:00-де жұмысын бастайды

пресс-служба акима Алматы

Құрылтай сайлауында дауыс беру үшін азаматтар уақытша болатын орындарда құрылған 11 арнайы сайлау учаскесі сағат 06:00-де ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында әскери бөлімдерде, шипажайларда және басқа да мекемелерде ұйымдастырылған учаскелер бар.

Қала бойынша барлығы 670 сайлау учаскесі сағат 07:00-де жұмысын бастайды. Алматы қаласының сайлаушылар тізіміне 1 329 251 адам енгізілген.

Барлық сайлау учаскесі дауыс беруге дайын, қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініш қабылдау басталады

Толық көрсету