Алматыда жасыл қорды төрт кезеңмен биологиялық дәрілеу басталады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жұмыстар негізінен түнгі уақытта жүргізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2026 жылы 7 сәуірден бастап жасыл желектерді биологиялық дәрілеу маусымы басталады. Жұмыстар ағаштардың жағдайын жақсартуға, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыруға және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Дәрілеу жұмыстары жалпы пайдаланымдағы аумақтардағы шамамен 2,3 млн жасыл желекті қамтиды. Іс-шаралар тиісті лицензиясы бар мамандандырылған мердігер ұйымдардың қатысуымен кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Биыл дәрілеу жұмыстары төрт кезең бойынша ұйымдастырылады:
    •    7 сәуір – 30 мамыр аралығы – бірінші кезең;
    •    1 маусым – 30 маусым – екінші кезең;
    •    5 шілде – 5 тамыз – үшінші кезең;
    •    15 тамыз – 20 қыркүйек – төртінші кезең.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жұмыстар негізінен түнгі уақытта жүргізіледі. Бұл күн сәулесінің тікелей әсері болмағандықтан, препараттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дәрілеу барысында қолданылатын биологиялық және қажет болған жағдайда химиялық препараттар сертификатталған, қауіптілігі төмен және адамдарға, құстар мен жануарларға қауіпсіз.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жүйелі дәрілеу жұмыстары жоғары тиімділік көрсетіп отыр. Бұл зиянкестер санын азайтып, қалалық жасыл желектердің тұрақты күйін сақтауға ықпал етеді.

Аталған жұмыстар қаланы көгалдандыру және экологиялық ортаны сақтау бойынша кешенді шаралар аясында жүзеге асырылуда.

Оөи отырыңыз: Қазақстан жаһандық білім беру рейтингінде топ-20 қатарына енді

Новости партнеров